16 сәу, 2021 сағат 08:24

Доллар бағамы қайтадан көтерілді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 15 сәуірмен салыстырғанда 0,25 теңгеге өскен. 

АҚШ долларының орташа бағамы - 430,68 теңге болды. 

Ұлттық банктің 16 сәуірдегі ресми бағамы: 1 доллар - 430,26 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 431,48 теңгеден сатылса, сатып алу - 429,90 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 430,56 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 429,41 теңге.