07 сәу, 2022 сағат 15:33

Доллар бағамы қайта төмендеді


Доллар бағамы төмендеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,99 теңгеге төмендеп, 458,87 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 7 сәуірдегі ресми бағамы - 462,22 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 461,15 теңге, ал сатылым - 464,41 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 460,86 теңгеден сатып алады, 464,26 теңгеден сатады.