09 там, 2022 сағат 15:45

Доллар бағамы қайта өсті


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,73 теңгеге көтеріліп, 478,39 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 9 тамыздағы ресми бағамы - 476,62 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы 475,95 теңге, сату 480,14 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 474,80 теңгеден сатып алынып, 479,07 теңгеден сатылып жатыр.