23 ақп, 2022 сағат 11:40

Доллар бағамы қайта өсті


Теңгеге қатысты доллар бағамы тағы да өсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының мәліметіне сілтеме жасап.

Таңертеңгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,23 теңгеге көтеріліп, 437,35 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 437,08 теңге, сату - 438,89 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 436,77 теңгеден сатып алынып, 438,48 теңгеден сатылып жатыр.

Ұлттық банкте 23 ақпанда доллардың ресми бағамы 433,39 теңгеге тең болып тұр.