12 қаз, 2022 сағат 15:55

Доллар бағамы қайта көтерілді


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,66 теңгеге көтеріліп, 477,89 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 12 қазандағы ресми бағамы - 474,95 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 476,90 теңге, сату – 480,17 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 476,07 теңгеден сатып алынып, 480,35 теңгеден сатылып жатыр.