Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 12 тиынға қымбаттап, 444,04 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 21 сәуірдегі ресми бағамы - 444,03 теңгеге тең еді.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы - 445,28 теңге, ал сатылымы - 448,73 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 445,34 теңгеден сатып алады, 447,27 теңгеден сатады.
720 рет оқылды