Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 16 наурыз кешімен салыстырғанда 0,77 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 418,15 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 17 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 418,94 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 419,41 теңгеден сатылса, ал сатып алу - 417,86 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 418,35 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу - 417,29 теңге.