11 ақп, 2021 сағат 08:20

Доллар бағамы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды Kurs.kz.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 10 ақпан кешімен салыстырғанда 0,33 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 417,48 теңгені құраған.

Ұлттық банктің 11 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 417,84 теңге.

Бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 418,76 теңге сатылса, ал сатып алу - 417,28 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 418,80 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу - 417,76 теңге.