05 мам, 2022 сағат 15:40

Доллар бағамы 9 теңгеге төмендеді


Доллар бағамы төмендеп, теңге нығайып жатыр - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 9,07 теңгеге төмендеп, 427,80 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 5 мамырдағы ресми бағамы 436,85 теңгеге тең болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы 431,13 теңге, ал сатылымда - 436,63 теңге. Нұр-Сұлтандағы айырбас пункттерінде долларды орта есеппен 431,24 теңгеден сатып алып, 435,00 теңгеден сатып жатыр.