06 жел, 2024 сағат 11:54

Доллар бағамы 532 теңгеге жетті

Фото: Caravan.kz
Еуро 544,5 — 552,5 теңге аралығында құбылып тұр, деп хабарлайды informburo.kz.
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 525 – 532 теңгеден саудаланып жатыр. 
Ұлттық банктің 5 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 523,58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,01 теңге. Еуро — 549,71.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 525,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 528,9 теңге. Еуро 544,5 — 552,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 525 теңге, сатып алу құны — 532 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 - 5,13 аралығында саудаланып жатыр.