04 сәу, 2022 сағат 11:30

Доллар бағамы 473 теңгеден асты


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 473 теңгеден асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3 сәуір кешімен салыстырғанда 85 тиынға өскен. 

Осылайша, АҚШ долларының орташа бағамы 473, 66 теңге болды. 

Ал, Ұлттық банктің 4 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 472, 56 теңгеге тең еді. 

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471 теңгеден сатылса, сатып алу – 476 теңге. 

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 470, 17 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 475 теңге.