05 қаз, 2022 сағат 15:41

Доллар бағамы 470 теңгеге тең болды


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,54 теңгеге төмендеп, 470,06 теңге болды. Айта кетейік, АҚШ валютасының 5 қазандағы ресми бағамы - 472,68 теңгеге тең.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 471,74 теңге, сату – 476,01 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 471,88 теңгеден сатып алынып, 476,15 теңгеден сатылып жатыр.