22 сәу, 2022 сағат 15:45

Қор биржасында теңге бағамы тұрақтанды


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,08 тиынға арзандап, 443, 99 теңге болды.

АҚШ валютасының 22 сәуірдегі ресми бағамы 444, 04 теңге тең еді. 

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 444,43 теңге, сату - 448,29 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 443,87 теңгеден сатып алынып, 446,39 теңгеден сатылып жатыр.