02 қыр, 2025 сағат 15:35

Доллар бағамы 1000 теңге болады ма? – Ұлттық банк жауабы


Фото: Pixabay


Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов валюта бағамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.


Оның айтуынша, доллар бағамы 1000 теңгеге дейін бармайды. Тимур Сүлейменов бұл мүмкін емес деп отыр.


"Төлем балансы, экономиканың ішкі мүмкіндіктері тұрғысынан бізде бәрі де тұрақты", – деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.


Айта кету керек, бұған дейін қазақстандықтардың рубльге деген сұранысы азайын жатқанын жазғанбыз.