29 нау, 2022 сағат 11:20

Доллар бағамы 10 теңгеге төмендеді


Доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 28 наурыз кешімен салыстырғанда 10,13 теңгеге төмендеп, 1 доллар 473, 61 теңгеге тең болды. 

Ал, Ұлттық банктің 29 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 484, 49 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 467, 43 теңге, сатып алу – 473, 06 теңге. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 466, 67 теңгеден болса, сатып алу құны – 472,08 теңге.