21 қаң, 2021 сағат 08:14

Доллар арзандап, теңге нығайды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kurs.kz.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 20 қаңтардың кешімен салыстырғанда 0,11 теңгеге төмендеп, 1 доллар үшін 418,54 теңгені құраған.

Ұлттық банктің 21 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 418,67 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 419,63 теңгеден сатылса, ал сатып алу - 418,12 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 419,65 теңгеге сатылып жатыр, ал сатып алу - 418,56 теңге.