20 жел, 2020 сағат 11:07

Доллар арзандап, теңге нығайды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 15 желтоқсан кешімен салыстырғанда 2,38 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 417,64 теңгені құраған. 

Ұлттық банктің 20 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 420,01 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 419,29 теңге, сатып алу – 417,65 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 419,61 теңгеден болса, ал сатып алу – 418,28 теңгені құрайды.