05 нау, 2021 сағат 10:13

Доллар арзандап келеді

Қазақстан қор биржасында доллар теңгеге қарағанда арзандап келеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін таңертеңгі сауда нәтижесі бойынша 4 наурыздағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,14 теңгеге, яғни, 419,48 теңгеге дейін арзандады. 

ҚР Ұлттық банкінің 5 наурыздағы доллардың ресми бағамы 419,45 теңге болған. Апта басындағыдай емес қазір доллардың курсы тұрақтанған. 

Kurs.kz сайтының мәліметінше Алматыда айырбастау пункттерінде доллар 418,88 теңгеден сатып алынып, 420,47 теңгеден сатылуда. 

Нұр-Сұлтандағы бағасы 418,01 теңге 419,15 теңге деңгейінде тұр.