Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 1,02 теңгеге құлдырап, 1 доллар 427,80 теңге болды.
Ұлттық банктің 24 мамырдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 428,86 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 429,18 теңге, сатып алу – 427, 65 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 428,16 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 427, 06 теңге.
Айта кетейік, өткен аптада АҚШ доллары 1,42 теңгеге қымбаттап, оның орташа бағамы 427,54 теңге болды. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 427,81 теңгеден сатылды.