23 қар, 2020 сағат 08:30

Доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 20 қараша кешімен салыстырғанда 1,35 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 426,62 теңгені құраған 

Ұлттық банктің 23 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 428,07 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 427,83 теңгеден сатылса, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 427,81 теңгеден сатылып жатыр.