22 қаң, 2021 сағат 08:49

Дизайнер Сәбит Bisen-ді өлтірді деген күдіктінің соты Алматыда өтеді

Қазастандық дизайнер Сәбит Bisen-нің өлімі туралы іс Алматы сотына жолданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл ақпаратты Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі растады. Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына келіп түсті. 

«Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша айыпталып жатыр», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі. 

Еске салайық, қазақстандық дизайнер 2020 жылдың күзінде кісі қолынан қаза тапты. 

Айта кетейік, Сәбит Bisen - танымал streetwear-брендінің дизайнері болған. Оның қазасы туралы достары мен әріптестері әлеуметтік желіде хабарлаған еді.