24 жел, 2020 сағат 12:05

Disney мультфильмдерінің қазақшаға қалай дыбысталатыны көрсетілді

Жаңа жыл қарсаңында «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында «Disney» апталығы өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жаңа жылды Ұлттық арнада Disney-дің «Ұйқыдағы ару», «Ральф интернетке қарсы», «Мұзды өлке», «Көліктер», «Бикеш пен Қаңғыбас» «Джунгли кітабы» мультфильмдері қазақша көрсетілетін болады.

«Мультфильмдерді дыбыстау үлкен еңбек. «Disney» компаниясының талаптары да қатаң. Сүйікті мультфильмдеріңіз қазақша қалай дыбысталатыны қызық болса, видеоны көріңіз», делінген Ұлттық арнаның хабарламасында.