Димаштың Нью-Йоркте 10 желтоқсанда өтетін жеке концертіне әлемнің 51 елінен жанкүйерлер барады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Димаштың америкалық фанклубының ақпараты бойынша Нью Йорктағы «Арнау» концертіне 51 елдің азаматтары келмек екен», - деп жазды әншінің әкесі Қанат Айтбаев facebook парақшасында.
Айта кетсек, концерт Қазақстанның АҚШ-тағы мәдениет күндері аясында ұйымдастырылып отыр.
«Arnau tour ENVOY» - маусым айында «Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында өткен «ARNAU» концертінің жаңарған нұсқасы. Әлем тыңдармандары бұл кеште жаңа бағдарламамен қатар, «ARNAU» бағдарламасының үздік нөмірлерін көретін болады. Концерттің телевизиялық нұсқасының көрсетілім уақыты қосымша жарияланады.
Димаштың Нью-Йорктегі концертіне билеттер бір жарым айда сатылып кеткен.