26 қыр, 2020 сағат 17:10

Димаштың бейнеклиптері танымал түрік арнасынан көрсетіле бастады

Түркияның TMB атты музыкалық телеарнасында қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің бейнебаяндары көрсетіле бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Менің видеоларымды түрік музыка арнасынан тамашалауға болады. Бәріңізге іске сәт!» деп жазды Димаш өзінің Instagram парақшасында. 

Орындаушының әндері TMB телеарнасында бір апта бойы күніне бірнеше мәрте көрсетіледі. 

«Ыстанбұл уақыты бойынша 10:00-14:00-17:00 және түнгі 23:00 шамасында» деп хабарлады телеарнаның әлеуметтік желідегі ресми аккаунты.