01 шіл, 2020 сағат 13:46

Димаштың әндері Грекия радиосында шырқала бастады

Грекияның «Radio1 101FM» танымал радиосында Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалды, – деп хабарлайды dimashnews.com.

Димаштың Грекиядағы фан-клубының қатысушылары оның әндерін жергілікті радиостанцияларға жолдай бастаған. Солтүстік Грекиядағы танымал радиолардың бірінің продюсері Анастасия Конуопи Д.Құдайбергеннің шығармашылығымен танысқаннан кейін ерекше әсер алып, оның орындауындағы композицияларды күн сайын эфирге шығаратын болған.

«Қазақстандық әншінің әндері радио толқынында естіле бастағаннан-ақ Анастасияға сезімге толы және таңданыстарын жасырмаған көптеген хаттар келе бастады. Ал «DQGreece» фан-клубының қатысушылар саны күн санап артуда. Грекиялық Dears-тің ендігі арманы – Одеон Герода Аттика сахнасында Афины қаласының ашық аспаны астында Димаштың концертін өткізу», - делінген ақпаратта.

Бұған дейін Димаштың әндері Испания радиосынан, Латвия радиосынан беріле бастағанын жазған болатынбыз.