#
#
Сенбі 23/01/2021

Димашқа тарту: Орыс халық аспаптары ансамблі «Әлқисса» күйін орындады

  • 25.11.2020
  • 0
  • 169

«Березка» хореографиялық ансамблі оркестрі қазақтың әйгілі «Әлқисса» күйінің каверін жасап, орыс халық аспаптарында орындады, деп хабарлайды Dimashnews ресурсы.

«Березка» ансамблінің мүшесі Светлана Закуновның айтуынша, «Әлқиссаны» Димаштың және басқа да музыканттардың орындауында бірнеше рет тыңдаған. Содан кейін Светланаға қазақ композициясына кавер жасау идеясы келді. Оған күйдің ерекше әдемі дыбысталуы қатты ұнады. 

Сондай-ақ, Светлана бұл күй орыс халық аспаптары балалайка мен домрада да ерекше естілетінін айтады:.

Светлананың идеясын «Березка» МАХА (мемлекеттік академиялық хореографиялық ансамбль) оркестріндегі әріптестері бірден қолдады. 

«Біз топпен бірге жиналып, композицияны тыңдадық, оны аспаптар арасында партияларға бөлдік. Әрине, олар бұл процесте өздерінің ойларын айтып, үлес қосты. Қиын жаттығулардан кейін біз қалаған нәтижеге қол жеткіздік, содан кейін оны жазуды бастадық» , – дейді Светлана.

«Березка» МАХА оркестрі 1959 жылдың басында кеңестік балетмейстер және хореограф Надежда Сергеевна Надеждинаның бастамасымен құрылған. Бұған дейін хореографиялық ансамбльде тек 4 баяншы болған. Қазір оркестр ауқымы кеңейіп, онда 13 музыкант және 2 вокалист бар.

 

Оркестрдің бас дирижері - Ресейдің халық әртісі Леонид Смирнов. Ал тұрақты көркемдік жетекшісі – КСРО Халық әртісі Мира Кольцова.

Светлана Закунованың өзі 2007 жылдан бастап «Березка» ансамблінің мүшесі. Бұған дейін ол М.Е. Пятницкий атындағы Мемлекеттік академиялық орыс халық хорының оркестрінде жұмыс істеді. Кәсіби түрде кіші және альто домрада, сондай-ақ мандолинде ойнайды.

Светлана 2 жылдан бері Димаштың шығармашылығымен таныс. Қазақстандық әншіні Қытайдағы «I’ m a Singer» байқауында алғаш рет естіген. Димаштың Еуразиялық фан-клубының және Moscow Dear-ларының мүшесі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар