08 қаз, 2020 сағат 21:30

Димаш сұранысқа ие орындаушылардың үздік бестігіне енді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемнің әр түпкіріндегі Dear арқылы дауыс беру кезінде сұранысқа ие орындаушылардың үздік бестігіне енді. Бұл туралы DimashNews сайты.

«9 қазан күні MTV-дің ресми YouTube каналындағы тікелей эфирде Димаштың тағы бір бейнебаяны көрсетіледі. MTV-дің ресми YouTube каналы тұңғыш рет 2 қазан күні Димаш Құдайбергеннің «Қайран елім» шығармасының көрсетілімін берген болатын. Ол үлкен көрсеткішке ие болды. Әлемнің әр түпкіріндегі Dear арқылы дауыс беру нәтижесінде сұранысқа ие орындаушылардың үздік бестігіне енді», - делінген хабарламада.