15 қар, 2024 сағат 17:37

Димаш Құдайбергеннің суреті Канаданың атақты басылымында жарияланды


Канадалық La Press газетінде Димаштың суреті берілген баннер жарық көрді, деп хабарлады madeniportal.kz.

Димаш Құдайбергеннің канадалық жанкүйерлері Канададағы айына 4 миллионға жуық оқырманды қамтыған әйгілі La Presse газетіне жарнама ұсынды.

2024 жылдың 9 қарашасы мен 22 қарашасы аралығында «Өнер және музыка» бөлімінде Димаштың ән орындап жатқан видеосына сілтемесі бар 25 000 баннерлік жарнама орналастырылды.

Жобаның бастамашылары жарнамаға жаңа тыңдаушыларды тартып, Канаданың француз тілді тұрғындары арасында Димаш шығармашылығының бірегейлігін танытады деп үміттенеді. Науқан әншінің жақында Францияға сапарының үлкен табысынан кейін басталған болатын.

Димаштың Франция мен Канадада мойындалған S.O.S әнін орындауы әсіресе Квебек пен басқа провинциялардың француз тілді тұрғындары арасында танымал болды.

La Presse-дегі жарнамалық науқан Қазақстанға деген қызығушылықтың артқанын атап өтті. Биыл осы газетте елімізді саяхат пен мәдени алмасудың бірегей мекені ретінде көрсететін мақалалар топтамасы жарияланды.

Фото:madeniportal.kz