22 сәу, 2017 сағат 18:29

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы Battle of memories жылдың үздік әні болды (Видео)

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы ән "жылдың үздік әні" атанды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz. Бұл туралы әншінің әкесі әрі продюсері Қанат Айтбаев Instagram желісінде сүйіншілеп жазды.

"Қытайдың CCTV орталық телеарнасы Димаштың орындауындағы "Battle of memories" әнін жылдың үздік әні деп танып, "Top Global Chinese Music" жүлдесін әншіге табыстады!!! Қуанышымызды сіздермен бөлісіп отырмыз, ағайын! #dimashkudaibergen #dimash #thesinger #theSingerDimash #DQ #awards", - деп жазды Қанат Айтбаев.

Отандық әншінің орындауындағы Battle of memories әні:

Айта кетейік, бүгін I am a Singer жобасының гала-концертінде Димаш Құдайберген "Махаббат бер маған" атты әнді орындады. Бұл ән бүгін тұңғыш рет орындалып отыр. Әнін Айгүл Бажанова жазса, сөзі - Мұнайдар Балмолданыкі. Әнді Ерлан Бекчурин өңдеген. 

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы "Махаббат бер маған" атты әнінің видеосы: