Димаш Құдайбергеннің украиналық фанаттары қазақтың дәстүрлі «Самалтау» әнін украин тілінде шырқады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл жайында Қазақстанның Украинадаға елшілігі мәлім етті.
«Самалтауды» Димаш алғаш рет 2019 жылдың 20 қазанында Қытайдың Фучжоу қаласында өткен халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалінде орындаған болатын.
Қазақтың ұлттық аспабы – қобыздың сүйемелдеуімен шырқалып, иттердің үні, құстардың шуылы, даланың әуезі естілетін ән қазақ халқының қайғылы тарихына сапар шектіргендей болады.
Сондай-ақ әлемнің 100 елінен қосылған көрермендер әнді Димаштың «Dimash Digital Show» онлайн концертінде тыңдады.
Әнге Димаштың шетелдік тыңдармандарының құмартқаны соншалық – оны әлемнің түкпір-түкпіріндегі фанаттар шырқай бастады.