19 мау, 2020 сағат 15:38

Димаш америкалық IPZ лейблымен келісімшартқа отырды

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген АҚШ-тағы IPZ продюсерлік агенттігімен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«Димаш – Құрама Штаттарды енді бағындырып келе жатқан дарынды әнші. Ол өзінің онсыз да сәтті мансабын кеңейтуге мүмкіндік алады, шәкірт тәрбиелейтін әлемдік брэндтерге қол жеткізеді», - деді IPZ басқарушы серіктесі Роберт Зито.

IPZ – кәсіби спортшыларға, телеарна және сандық медиа мамандары, сонымен қатар ойын-сауық саласына арналған қызмет түрлерін ұсынатын агенттік. Компания келісімшарт орнатуды ұсынады, маркетинг пен медиа, қоғаммен байланыс және клиенттердің мансабын жоспарлауға қатысты кеңес береді.