10 ақп, 2021 сағат 12:15

Димаш Құдайберген Америкаға көшетін болды

 

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылық жолын жетілдіру мақсатында АҚШ-қа көшетін болды. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында мәлімдеді.

«MTV USA телеарнасына Кевин Кенниге берген екінші эксклюзив сұқбатым шықты. Менің Қытайда қанша жыл тұрғанымды және шығармашылығымды қолдау үшін Америкаға қашан көшуді жоспарлап отырғанымды толық нұсқадан біле аласыздар», - деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Сұқбат барысында қазақстандық әнші Америкаға кеткісі келетінін айтты.

«Музыканы жетілдіру үшін біраз уақыт Америкада болуды жоспарлап отырмын. Ол үшін әлемдік шоу-бизнестің орталығында болу қажет. Менде осыған ұқсас тәжірибе бар: мен музыкамды жетілдіру үшін үш жарым жыл Қытайда болдым. Алайда мен үшін ең сүйікті орын – отбасым бар жер», - деді Димаш.