Димаш Құдайберген елордада өткен концертінен түскен қаражатының бір бөлігін Арысқа көмек ретінде аударады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шетелде көп жүргеніммен, ылғи елімнің жаңалықтарын біліп отырамын. Интернетті ақтарғанда ең бірінші елімде не жаңалық болып жатқанын қараймын. Жақында Арыста болған оқиға маған да қатты батты. Тіпті концерт беру осы кезде ыңғайсыздау секілді көрінді, солай айтқандар да болды. Алайда шетелден шақырып қойылған қонақтар бар, арнайы келушілер бар! Соларды ескеру керек болды. Сондықтан Арысқа көмек ретінде осы концерттен түскен қаражаттың бір бөлігін аударамын деп шештім. Бұл сіздердің де көмектеріңіз боп саналады, ағайын» - деді Димаш Құдайберген концерт барысында.