21 жел, 2019 сағат 12:57

Ділдә Матайқызы дүниеден озды

Саңлақ саясаткер, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ руханиятының жанашыры және қолдаушысы, мәртебелі елші болған Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовтей арда азаматты жарық дүниеге әкелген ғазиз жан, асыл әже, елге сыйлы дәрігер, рухани ұстаз, ұлттың ардақты анасы Ділдә Матайқызы 89 жасында өмірден озды.

Бұл ақпаратты Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі растады.

Ділдә апаның жақсылығын көріп, шарапатына бөленген һәм тілеулес болған азаматтар Тасмағамбетовтер әулетінің қайғысына ортақтасып, әлеуметтік желіде ыстық лебіздерін білдіріп жатыр.

Осы орайда, Ұлт порталының ұжымы көненің көзі болған, бүтін елге қадірлі алтын құрсақ анамыздың мезгілсіз дүниеден озуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Пейіште нұры шалқып, Жаратқан артындағы ұрпағына ұзақ ғұмыр берсін!