Фото: Президенттің баспасөз қызметі
2025 жылы 13 миллион гектар жерге бидай егілді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 187 мың гектарға аз, деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі.
Таратылған мәліметке сүйенсек, әлеуметтік маңызы бар дақылдар көлемі артып келеді: картоп алқабы 83,4 мың гектарға жетіп, өткен маусыммен салыстырғанда 11,3 мың гектарға көбейді.
Егіс алқаптарын неғұрлым тиімді әрі тұрақты дақылдарға қайта бөлуге ерекше назар аударылды.
Нәтижесінде сұранысқа ие дақылдардың көлемі артты:
майлы дақылдар – 3,4 млн гектар (былтырғыдан 0,5 млн гектарға артық),
мал азығы дақылдары – 3,3 млн гектар (+114 мың гектар),
дәндік жүгері – 167,5 мың гектар,
көкөніс-бақша дақылдары – 222,3 мың гектар.
2025 жылғы егіс науқанына республика бойынша 2,3 млн тонна тұқым дайындалды.
"Ал ресурсты көп қажет ететін әрі баға өзгерісіне бейім дақылдардың – бидай, күріш, мақта алқабының көлемі қысқарып жатыр. Мысалы, бидай алқабы 13 млн гектарды құрады, бұл өткен жылғыдан 187 мың гектарға кем", - деп жазылған хабарламада.