Фото: AI&Digital Ministry
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Digital Bridge: Generative Nation халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, Digital Bridge Awards сыйлығының лауреаттарына марапаттар табыс етті және цифрлық шешімдер көрмесінің экспозициясымен танысты, деп хабарлайды Ult.kz.
Digital Bridge Awards 2025 премиясының номинациялар бойынша лауреаттары болып келесі үміткерлер танылды:
▫️ Export Excellence – Роман Линейцев (Grand Mobile). Ол GTA рухын мобильді құрылғыға көшіріп әкелген, өзінің ашық әлемі бар, көп рет пайдалануға болатын рөлдік ойын жасап шығарды. Онда пайдаланушылар өзара әрекеттесіп, мансап қуып, өз экономикасын құра алады. Мобильді ойын әлем бойынша 60 млн реттен астам көшірілген.
▫️AI Solution of the Year – Александр Машрабов (Higgsfield AI). Мәтін түрінде сұрау салу бойынша бейне және анимация жасауға арналған жасанды интеллектіге негізделген платформаның негізін қалаушы. Ол Google Next нұсқасы бойынша әлемнің үздік 25 стартапының қатарына енді.
▫️EdTech of the Year – Жанәділ Талдыбаев (CodiPlay). Ол бағдарламалау және инженерлік ойлауға оқытатын мектептер үшін білім беру экожүйесін құрды. Стартап 13 елдегі миллионнан астам оқушыны қамтиды.
▫️GovTech Innovation – Байжан Қанафин (Documentolog Global Limited). Ол мемлекеттік басқару процестерін автоматтандыру үшін цифрлық шешімдер әзірлеп шығарды, онда электронды түрдегі нормативтер шығару және интеллектуалды іздеу жүйелері де бар.
▫️Tech Media Excellence – Виталий Волянюк (digitalbusiness.kz). Технологиялар мен стартаптар туралы ірі қазақстандық медианың негізін қалаушы. Оны ай сайын 200 мыңнан астам бірегей пайдаланушы оқиды.
▫️ Social Impact Project – Дәурен Төлебаев (7Generation / KazDream IT Holding). Ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жедел әрекет ететін шұғыл қызметтерге қоңырау шалу кезінде абоненттердің орналасқан жерін анықтауға арналған LifeSignal сервисін құрды.
