30 там, 2018 сағат 10:36

Диас Қадырбаев АҚШ-тан елге депортацияланады

Бостонда болған террорлық актіні тергеу кезінде сотты болған қазақстандық Диас Қадырбаев АҚШ-тан Қазақстанға депортацияланады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігі The Boston Globe сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

24 жастағы Диас Қадырбаев Америка полициясының тергеуіне кедергі келтіргені үшін сотталған еді. Атап айтқанда, Қадырбаев пен оның досы Азамат Тажаяқов ағайынды Царнаевтардың пиротехника салынған арқа қоржыны мен ноутбугын жойып жіберген болатын.

Атап өтілгендей, сәрсенбі, 29 тамыз күні Д.Қадырбаев АҚШ-тың федералдық түрмесінен босатыллы. Бұл ақпаратты осы елдің Иммиграциялық және кедендік полициясының ресми өкілі растады.

«Қадырбаев мырза АҚШ-тан Қазақстанға депортацияны күтіп, АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының қамауында қалады», - деп мәлім етті полицияның баспасөз хатшысы Джон Мохан.

Еске салайық, Д.Қадырбаев 2015 жылы Америка түрмесінде 6 жылға жазасын өтеуге сотталған болатын. Ол 2013 жылы Бостонда ағайынды Царнаевтар жасаған лаңкестік актіні тергеу кезінде айыпты деп танылды.