Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі
"Ақ жол" фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Асқар Садықов Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін 10-12%-ке дейін төмендетуді және шағын және орта бизнес кредиттерін субсидиялауды шұғыл қайта бастауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Ұлттық банктің 16,5%-тік жоғары базалық мөлшерлемесі мемлекет бөлетін қаражаттың ең алдымен банктердің өздеріне тиімділігін арттырады. "Ақ жол" фракциясы банктердің тәбетін шектеп, базалық мөлшерлемені кем дегенде 10-12%-ке дейін төмендету қажет деп санайды", - деді депутат.
Парламенттегілер төмендетілген мөлшерлеме кәсіпкерлерге берілетін несиелердің пайызын азайтуға мүмкіндік беретініне сенімді.
Ол тек "Даму" қорына 201,9 млрд теңге сомаға субсидиялауға 699 өтінім тұрғанын айтты. Депутаттың айтуынша, субсидия тапшылығы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді.
25 тамызда Қазақстан ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,75%-тен 16,5%-ке дейін төмендетті.
"Базалық мөлшерлеме өскен сайын жеке тұлғаларға арналған депозиттік мөлшерлемелер өседі, бірақ несиелер қымбаттайды. Ал проценті төмендеген базалық мөлшерлеме оң әсерін береді", дейді парламенттегілер.