Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ұлттық деңгейде қосымша карантин шараларын енгізу мәселесі көтерілді. Осы орайда Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Үкіметтің пандемияға қарсы бірінші кезеңдегі іс-қимылдары жоғары бағаланып отырғанына тоқталған депутат Меруерт Қазбекова: «Осының нәтижесінде, басқа елдермен салыстырғанда пандемия айтарлықтай баяулады. Онымен бір мезгілде, бірқатар өңірде шектеулер жойылғаннан кейін, коронавирусқа шалдығудың күрт өсімі бақалды», - деді.
Осы орайда ол халық тарапынан тиісті шағымдар келіп түсіп жатқанын жеткізді. Шағымдардың басым бөлігі коронавирусқа қатысты тестілердің тапшылығына байланысты.
Депутаттың айтуынша, елордада тест тапсыруға кезекке тұру үшін екі күн бұрын қамдану керек. Осы тектес шағымдар өңірлерден де болып жатыр.
«Әрине, аурудың таралуына адамдардың қауіпсіздік талаптарын сақтамауы әсер етіп жатқаны белгілі. Сондықтан қауіптілік жағдайы жоғары өңірлерде карантиннің күшейтілуін қолдаймыз», - деді М. Қазбекова.
Бұл тұрғыда ол қосымша карантин шараларын ұлттық деңгейде енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар коронавирусты сипмтомды жұтырғандарды аурухағана жатқызуға қатысты шұғыл шаралар қабылдау керектігі айтылды.