ҚР Парламентінің депутаттары балалаларды кемсітушілікке қарсы заң жобасын әзірледі. Құжатты бүгін заң шығармашылық қызмет мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы отырысында Мәжіліс депутаты Снежана Имашева таныстырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оның атап өтуінше, заң жобасы бірнеше кодекс пен заңға түзетулер енгізуді көздейді. Ең бірінші ҚР Қылмыстық кодексінің тәрбиелік ықпал етудің мәбүрлі шараларын қодануға қатысты кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке алу және бақылауды анықтау бөлігіне өзгеріс енгізіледі. Екіншіден, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің кәмелетке толмағандарға жеңіл дене жарақатын салу және ұрып-соғу бөлігінде түзетулер қарастырылады. Үшіншіден, ҚР Еңбек кодексіне 14 жасқа толмаған тұлғалармен, жоғары санаттағы спортшылармен шарт жасасу енгізіледі.
«Төртіншіден, «Балалардың құқығы туралы» заңға балаларды кемсітушілікке тыйым салу, баланың баспана алу құқығын нақтылау, баланы тәрбиелеу, асыраудағы ата-ананың міндеттерін кеңейту көзделеді», - деді депутат.
Сонымен қатар Мәжіліс депутаты еліміздің «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың , балалардың қараусыз және қорғансыз қалуының алдын алу туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарына түзетулер қарастырылатындығын айтты.