Халық қалаулылары ҚР Орталық сайлау комиссиясының депутат Айбек Паяевтың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысын қолдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісовтің айтуынша, өкілетін тоқтату туралы өтінішті Мәжіліс депутаты Айбек Паяевтың өзі берген.
"Осыған байланысты, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Конституциясының 52-бабына, Конституциялық заңның 24-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес және өтініш негізінде Мәжіліс депутаты Айбек Минаимбекұлы Паяевтің өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыныс енгізеді", - деді Өтемісов Мәжіліс отырысы кезінде.
Депутаттар ұсынысты қолдап, бірауыздан дауыс берді.