02 қыр, 2019 сағат 10:26

Денсаулық сақтау министрлігіне жаңа жауапты хатшы тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Тұрғанұлы Төкежанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.