Денсаулық сақтау министрі А. Цой қайтыс болған дәрігерлердің жақын-туыстарына мемлекеттік наградаларды табыстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" инистрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Денсаулық сақтау министрі А. Цой қызметтік борышын өтеу адал атқарғаны және азаматтардың денсаулығын сақтау жолындағы қажымас еңбектері үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 13 шілдедегі № 370 Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін марапатталған медицина қызметкерлерінің бірқатар туыстары мен жақындарына мемлекеттік наградаларды табыс етті.
ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен:
Қайрат Қажыманұлы Баймұхамбетов - Алматы облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы;
Бекжан Серікбосынұлы Бұланов - «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің бөлімше меңгерушісі;
«Парасат» орденімен:
Бақберген Сағымқожаұлы Айжігітов - Қарағанды облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Бұхар жырау аудандық басқармасының бас маманы;
«Құрмет» орденімен:
Болатбек Нәкібайұлы Айсауытов - Масғұт Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» РМК дәрігері;
Нұргүл Рамазанқызы Барқыбаева - «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің дәрігері;
Владимир Павлович Меркуленко - Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының санитары.