04 ақп, 2021 сағат 08:56

ДДСҰ «Спутник V» вакцинасының тиімділігі туралы айтты

The Lancet медициналық журналында ресейлік «Спутник V» вакцинасын клиникалық зерттеудің үшінші кезеңінің нәтижелері жайлы жазылған жарияланымда препараттың коронавируспен күресу үшін тиімді екенін көрсетілген. Бұл туралы сәрсенбіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович айтты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Вуйнович, ең алдымен, тәуекел тобында тұрған адамдарға коронавирусқа қарсы екпе салу керек, бұл өлім жағдайын азайтуға көмектеседі деп атап өтті. Ол сондай-ақ препаратты сатып ала алмайтын елдерді вакцинамен қамтамасыз ету қажет екенін де айтты. 

«ДДСҰ өте белсенді қатысуда. Барлық елдермен келіссөздер жоғары деңгейде жүріп жатыр», - деді ДДСҰ-ның Ресейдегі өкілі. 

Бұған дейін хабарланғандай, ресейлік «Спутник V» вакцинасы коронавирустан 92%-ға жуық қорғайды. Сынақтың соңғы сатысындағы нәтиже The Lancet журналында жарияланған болатын.