Әлем бойынша жыл сайын 1,5 млн адам жол-көлік оқиғасынан қаза табады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұрақты өкілі Олег Честнов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қараша айының үшінші жексенбісі - Дүниежүзілік жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күні. Әлем бойынша жыл сайын 1,5 млн адам, күн сайын 2600, әр 24 секунд сайын 1 адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмады. Бейбіт күнде осындай көрсеткіш болуы - өте қайғылы жағдай», - дейді Олег Честнов.
Ол жол-көлік оқиғасынан көз жұму жағдайларын өлімнің алдын алуға болатын себептерге жатқызатынын айтты.
«Өкінішке қарай, Қазақстанда және әлем бойынша 15-29 жас аралығында өлімнің негізгі себебі - жол-көлік оқиғасы. Дәрігерлер жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен адамдарға көмектеседі. Алғашқы медициналық көмек көрсеткен жағдайда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан 100 адамның алпысын аман алып қалуға болар еді. Дәрігер ретінде көлік жүргізушілеріне айтарым, алғашқы медициналық көмек көрсетуді меңгеріпалу керексіздер», - дейді ол.