Қытайдың «I am a Singer» ән байқауында өнер көрсетіп жатқан отандасымыз Димаш Құдайберген жетінші кезеңде үшінші орынды місе тұтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жобаның жетінші кезеңінің түсірілім жұмыстары бүгін таңға жақын аяқталған һәм әншілер өз өнерін әлдеқашан көрсетіп үлгерген. Нәтижесінде, қазақтың «Дайдидау» әнімен көрермен жүрегінен орын алған отандасымыз үздік үштіктен көрінді.
Гонконг қаласының тумасы Sandy бас жүлдені иеленсе, жобаға жаңа қосылған Ли Цзянь екінші орынға тұрақтады.
Айта кетерлігі, жобаның он кезеңнен тұратын іріктеу бәсекесінде алғашқы байқау күні қатысқан жеті әншіден тек төртеуі қалды. Димаш жалпы есепте үшінші орыннан түскен жоқ.
Еске сала кетейік, «Singer 2017» байқауының алтыншы кезеңі эфирден 25 ақпан күні көрсетілетін болады.