02 сәу, 2025 сағат 17:29

Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды


Фото: ҚФФ


Қазақстан футбол федерациясының құрылымында кадрлық өзгерістер орын алды – Атқарушы комитеттің шешімімен Давид Лория бас хатшы қызметіне тағайындалды. 


Давид Григорьевич – Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, УЕФА-ның MIP бағдарламасының түлегі. Қазіргі таңда ол Астана қалалық мәслихатының депутаты, сондай-ақ елдің әлеуметтік өмірін дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденінің иегері.