09 қаз, 2020 сағат 10:07

Давид Лория «Астана» футбол клубының атқарушы директоры болды

Бүгін «Астана» ФК офисінде клубтың жаңа атқарушы директоры таныстырылды.

Бұл лауазымға Давид Лория келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Давид Григорьевич Лория – қалалық футбол мектебінің тәрбиеленушісі, Қазақстан құрамасы рекордшыларының бірі. Лория 2009 жылдан бері қазақстандық «Жеңіс», «Есіл», «Шахтер», «Ертіс», «Қайрат», «Ордабасы» және «Локомотив» құрамында өнер көрсетіп, командамен күміс медальдарды жеңіп алды, сондай-ақ түрік «Ризеспор», «Қаршияка», швед «Халмстад» және ресейлік «Спартак Нальчик» командаларында да болды. Экс-қақпашының есебінде барлығы үш чемпиондық атақ бар.

Қазақстан жастар құрамасы сапында жүргенде Лория Нигерияда өткен Әлем чемпионатына қатысты, ұлттық құрама сапында Давид 45 матч ойнады.

2019 жылы спорттағы мансабын аяқтаған соң, жас маман менеджментті оқыту бойынша құрама командалардың бұрынғы ойыншылары үшін құрылған UEFA MIP футбол менеджменті бағдарламасы бойынша курсқа қабылданды.