04 шіл, 2021 сағат 20:19

Дәурен Нұралинов Qazaqstan Barysy атанды


Qazaqstan Barysy-2021 турнирінің жеңімпазы белгілі болды, хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жартылай финалда турнирдің 2017 жылғы жеңімпазын жарыстан шығарған жамбылдық Ғалымжан Қырықбай шығысқазақстандық Дәурен Нұралиновқа есе жіберді. 

Осылайша осымен оныншы рет өткен турнирдің тарихына жаңа чемпионның аты жазылды. 

Негізгі уақытты қарсыластар бір-бір бүк ұпаймен аяқтаған болатын. «Белдесу» сәтінде Дәурен Нұралинов жамбылдық балуанды «таза жеңіспен» ұтып кетті.

Дәурен Нұралинов жартылай финалда маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповты жыққан болатын.