Дархан Кәлетаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды», делінген хабарламада.
Дархан Аманұлы 1972 жылы 10 қазанда туған, білімі жоғары. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Мамандығы бойынша тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқарудың менеджері. Саясаттану ғылымдарының докторы. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған.
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарушы директоры болып қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болған. 2018 жылы 4 сәуірінен 2019 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі қызметін атқарды. ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы болды.
Соңғы қызметіне 25 наурызда тағайындалған.